Текст
Атбасар ауданының білім бөлімі жанындағы №3 "Родничок" балабақшасының орта тобындағы тәрбиеленушілерімен көңілді және ерекше дартс ойыны өткізілді. Дартс, онда кәдімгі нысананың орнына бояулармен толтырылған әуе шарлары.
Ойыншылардың бір тобы дуалға бекітілген шариктер дартс садақтарының көмегімен бояу толтырылған шарларды көздесе, ал екінші топ шарлардан аққан бояулар арқылы шығармашылық тапсырманы орындады. Балалар шардан аққан бояулардан бейнелерді анықтап, жетіспейтін бөлшектермен толықтыра отырып, суретті аяқтайды: Бұл аққан бояулардан балалар бақаның, Мыстан кемпірді, Кощейді, орман ханшайымын, әтешті бейнелерін көргенін айтты. Балалар өткізілген ойын-сауыққа риза болды.