Текст
Түлектер кеші қарсаңында "Дарын" тобының балалары алдағы уақытта күтіп тұрған мектеп өмірімен жақынырақ танысу үшін, №2 мектеп гимназиясына саяхатқа баруды жөн көрді. Балалар кітапхананға, асханаға кіріп, спорт залында жүгіріп, акті залында сахнадан тақпақтар айтты. Соңында өздері білетін, ішінде біздің балабақшамыздың түлектерініңде суреттері ілінген, "Мектеп мақтанышы" атты стендпен және «Ғарыш» тақырыбына арналған көрмесімен танысты. Балалар көп жағымды эмоциялар алып, естелікке суретке түсті.