Мақсаты: Балалардың физикалық және психологиялық денсаулықтарын нығайтуға ықпал жасау, денешынықтыруға деген қызығушылықтарын арттыру. «Айгөлек» ересектер тобы Ұлттық отбасы күніне арналған «Здоровая семья - здоровая стран» атты ұлттық бағдарламаға қатысты. Шара, «Денсаулығымды сақтасам, өзіме өзім көмектесемін» девизімен басталды. Балаларға қонаққа ертегі кейіпкері Дымбілмес қонаққа келді. Дымбілместің тісі, тамағы және іші ауырып, балалардан көмек сұрайды. Балалар қуана- қуана көмек беруге келісіп, ауырмас үшін тісті қалай тазалау керектігін, іш ауырмас үшін қолды жуу керектігін көрсетеді. Денсаулығымыз жақсы болу үшін Дымбілмеске күн тәртібін қалай сақтап, уақытылы ұйқыға жатып, таңертең жаттығу жасау керектігін түсіндіріп, бірге жаттығу да жасайды. Жаттығудан кейін Дымбілместің денсаулығы жақсарып, балаларға тазалық гигиенасын сақтауға уәде береді. Өздеріңіз түсінгендей денсаулығымыз жақсы болу үшін тісімізді жуып, жеке гигиенамызды сақтауымыз керек. Жаттығуды міндетті түрде орындауды ұмытпайық.