1 маусым балаларды қорғау мерекесі қарсаңында «Айналайын» кіші тобында жазғы қалпақтар дефелесі өтті.
Жаз - жер бетіндегі барлық балалар үшін ең сүйікті мезгіл. Өйткені жаз мезгілінде күн жылынып, балалар далада күн батқанша асыр салып ойнайтын кезең, сонымен қатар қызықты демалыс, табиғат аясында серуендеу, өзенде шомылу және көптеген түрлі ойын-сауықтар мен шытырман оқиғалар мезгілі.
Жаздың бірінші күні Халықаралық мереке – Балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл балалар үшін көңілді және қуанышты мереке ғана емес, сонымен қатар ата-аналарға біздің балаларымыз, сүйіспеншілік пен үнемі қамқорлық пен қорғауға мұқтаж екенін еске салады. Ойын - сауықтың басты міндеті-балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлау. Балалар үшін үлкен тосынсый -Сайқымазақ пен Дымбілместіңқонаққа келуі болды, олармен балалар түрлі ойындар ойнады, би биледі, сән көрсетті. Сайқымазақ балаларға алғыс ретінде дәмді тәттілер сыйлады, мереке өте қызықты және көңілді өтті.
Тәрбиеші: Некрасова. В.Н., Сушко. О.Г