АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ «РОДНИЧОК» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ЯСЛИ–САД «РОДНИЧОК» ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи тенденциялары»

23.09.2019

2019 жылдың 19-20 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында  «Мектепке дейінгі  жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи тенденциялары» тақырыбында  І  Халықаралық ғылыми – практикалық конференция өтті.  Біз сияқты мектепке дейінгі білім беру мекемесінде жұмыс істейтін қызметкерлеріне, осындай маңызды және өзекті шараға қатысу мәртебесіне ие болдық.   Конференция жұмысы екі күнге жоспарланған.  Конференцияға қатысушыларға АҚҚ«Назарбаев университеті», «Бөбек» ҰҒПББСО, «Жандану әлемі» қорының құрылтайшысы, ҚР білім және ғылым Министрлігі, Қазақстан Республикасының Президенттің Іс басқарушысының өкілдері құттықтау сөз сөйледі. «Мектепке дейінгі білім беру: қазақстандық іс- тәжірибе және әлемдік практика» тақырыбы бойынша өткен пленарлық бөлім барысында Қазақстан Республикасының, Ресейдің, Финляндияның, Эстонияның, Израилдің спикрлері баяндама жасады. Әр елдің балабақшаларының жұмыс істеу әдістері туралы тыңдау өте қызық болды. Сонымен қатар оқыту әдістемесі мен технологияны  кеңінен қолданатын  Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы «Қарлығаш» балабақшасының ұсынған іс - тәжірибесі әлем елдерінің іс-тәжірибесінен кем емес екендігін  естіп, мақтан тұттық.  

Екінші күннің тақырыбы: «Білім берудегі жаңашылдықтар: 5 ең үздік әйгілі әдістеме». Жұмыс залда ұйымдастырылып, үздік әдістемелер мен технологиялардың авторлары  мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің  білім беру үрдісіне  жаңашылдықты енгізу бойынша мастер - класс өткізді.   Дамытушы ойындар мен «Ойындардың ертегі лабиринті» технологиясының авторы Воскобович В.В., балаларды танымды дамыту бойынша нақты кеңестер берді.     «Шикула кітап» баспасының директоры  Кирилинской Л.В. мектепке дейінгі білім берудің заманауы тенденциясы есебімен, оқу – әдістемелік әзірлемелер ұсынды.    STEM – білім беру,  білім берудің жаңа  әдісі және әлемдік білім берудің негізгі тренді, қазіргі уақыттағы өзекті тақырып, робототехниканы   ұсынылды. Дайындаушылар білім мекемелері үшін виртуальды нақтылық элементтері бар бағдарламалық- аппараттық кешен көрсетті.  Мәскеу педагогикалық университетінің логопедия кафедрасының профессоры Л.Б.Баряев заманауи баланы дамытудың негізгі  факторларының бірі, интерактивті және жартылай функционалдық ортаның маңыздығы туралы айтты.    Балаларды ынталандыра отырып оқыту әдістемесінің авторы О.В Лысенконың мастер – классы тыңдаушыларды ерекше қызықтырды. Мектепке дейінгі қызметкерлер үшін осындай конференция алғаш рет өткізіліп отыр. Сонымен қатар бұл конференция  іс – тәжірибе алмасу мен жаңашылдықтың  алаңы болып есте қалатыны белгілі.

Просмотров: 719


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст