АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ «РОДНИЧОК» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ЯСЛИ–САД «РОДНИЧОК» ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!

27.09.2022

Аникеева Ольга Леонидовна «Родничок»  бөбекжайы" МКҚК музыкалық жетекшісі болып жұмыс істеді. Өзінің педагогикалық еңбек жолын 1997 жылы музыкалық жетекші қызметінен бастады.

Педагогикалық қызмет барысында Ольга Леонидовна өзін жауапты, талантты педагог ретінде көрсетті.

Ольга Леонидовна жыл сайын аудандық семинарға қатысып, семинарға қатысушыларға балалардың музыкалық сәлемдемелерін дайындады.  

Шығармашылық топ құрамында облыстық "Үздік балабақша" байқауына қатысып, ІІІ орынға ие болды.

Ольга Леонидовнаның тәрбиеленушілері "Қазақстан – біздің ортақ үйіміз"атты облыстық балалар сырттай шығармашылық фестиваліне қатысты. "Бишілер" номинациясына облыстық  Алғыс хаты берілді.

Ольга Леонидовна  сонымен қатар "Музыка елінде" музыкалық тәрбие бойынша үйірме жұмысының авторлық бағдарламасын және "Бағдарламаға ән айтудағы музыкалық қабілеттерді дамыту және ІІІ Халықаралық әлеуметтік – педагогикалық инновациялар жәрмеңкесіне қатысу үшін бағдарлама жасап, қатысушы сертификатын алды.

Жыл сайын Ольга Леонидовна әріптестерімен бірге аудандық конкурстарға қатысу үшін тәрбиеленушілер мен педагогтардың шығармашылық топтарын дайындауға белсенді қатысты.

Ольга Леонидовна ұжымда беделге, балалар мен ата-аналардың сүйіспеншілігі мен құрметіне ие болды.

Ұстаздар күні құтты болсын, қымбатты Ольга Леонидовна! Сізге үнемі сәттілік, денсаулық және бақыт тілейміз. Сіздің барлық армандарыңыз орындалсын және өмір ең мейірімді, үйлесімді әуен сияқты болсын. Мереке құтты болсын!

 

 

 

 

 

Просмотров: 224


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст