Текст
Бейнелеу қызметі-мектеп жасына дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеудің маңызды құралы. Бұл балаларға өз қолдарымен әдемі нәрсе жасауға тамаша мүмкіндіктер береді. Балалармен шығармашылық сабақтар олардың эстетикалық қабылдауын, көркемдік талғамын дамытуға пайдалы әсер етеді. Балалар бейнелеу іс-әрекетімен айналысқанды ұнатады және шығармашылық процеске қуана қатысады. Біз бұл тілек жоғалып кетпеуге тырысамыз. Ол үшін шығармашылық процесті әртараптандыруға, дәстүрлі емес техниканы, материалдарды қолдануға тырысамыз.