2019 жылдың 13 қарашасы күні №1 «Қарлығаш» балабақшасында мектепке дейінгі мектепке дейінгі мекемелерде және шағын орталықтарда тәрбиеленетін балалар арасында мемлекеттік тілді жетік меңгерулерін бақылау мақсатында аудандық «Балғын шақ» байқауы өтті.
Біздің Атбасар ауданының білім бөлімі жанындағы МКҚК №3 «Родничок» балабақшасынан мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Утегенов Нұрислам қатысып, 23 қатысушының ішінен жүлделі І- орынды иеленді. Утегенов Нұрисламды балабақшаның қазақ тілі мұғалімі Дауылбаева Баянкул Нагашибаевна тақпағы мен өзі туралы таныстырудың сөзін жаттатса, музыка жетекішісі Аникеева Ольга Леонидовна өлеңін дайындап, ал хореограф Лосева Татьяна Николаевна балаларға биді үйретті. Балабақшамыздың бүлдіршін қыздары Зима Анна, Калиткина Анна, Байтугулова Адина тамаша билер билеп, Нұрисламға қолдау көрсетті.