Текст
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне "Айгөлек" ересек тобында "Қазақстан - біздің ортақ үйіміз"атты тақырыптық сабақ өтті. Бұл іс-шараның мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың бойында азаматтық және патриоттық тәрбие негіздерін қалыптастыру, өз Отаны үшін мақтаныш сезімін бойларына сіңіру, халық дәстүрлеріне құрмет көрсету болып табылады. Балалар үшін тосынсый сәт болды. Балалар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады. Қазақстан Республикасының рәміздері Ту, Елтаңба және Гимнін атады. "Сақина" және "Сиқырлы шатыр"ұлттық ойындарын ойнады. Би билеп, біздің Отанымыз туралы өлеңдер айтты. Сабақ соңында балаларға арналған сәлемдемеде дәмді "Бауырсақ" бар екен.