Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні-бұл Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жарияланғанына 28 жыл толды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектепалды даярлық тобында " Біздің Тәуелсіз Қазақстан» ертеңгілік болды.
Ертеңгілік салтанатты және тілектестік атмосферасында өтті. Мақсаты: балалар бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Мерекеге қазақ халқының ертегілерінің кейіпкері Көңілді Алдар Көсе келіп, "Кім жылдам дос?", "Киіз үй" , "Ханталапай", "Тұтқынға"ойындарын балалармен ойнады.
Мерекеде балалар би билеп, ән, тақпақтар айтты.
"Тәуелсіздік ел ұраны", "Қазақстан" әндерін айтып, "Достық әні", «Мәңгілік ел Қазақстан", «Балалар әлемі» "- билерін биледі.
Балалар мен қонақтар үшін мереке ұмытылмас әсер қалдырды. Ән, би, ойындарда Отанға деген сүйіспеншілік, оның жетістіктері үшін мақтаныш, болашаққа деген сенім көрініс тапты.
Отаным менің Қазақстан
Мәңгілік сенімен мақтанам
Саяңда жүрсем әрдайым
Күлімдеп жүрем бақ табам.