Жаңа жылға дайындық барысында ата-аналар мен балалардың бірігіп, қолдан жасаған жаңа жылдық ойыншықтары маңызды орын алды. Бізде, бізде қазір конкурс болады: «Жаңа жылдық сұлу шырша». Балаларға арналған жаңа жылдық бұйымдар әр түрлі материалдардан жасалады, сондықтан балалар шығармашылығының алаңы әр түрлі! Көптеген отбасылар осы байқауға белсенді қатысты! Бірлескен еңбектің нәтижесі балалар жанында ұмытылмас із қалдырады. Жаңа жыл алдында ерекше көңіл-күй сыйлайды деп үміттенеміз!
Балалар қойылымға әдемі киімдер киіп, көңілдері көтеріңкі болып келді. Олардың үміті ақталды. Жаңа жылдық қойылымға қатысқан тәрбиешілер мен ата-аналар өздерінің шығармашылық шеберліктерін, әртістік шеберліктерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете отырып, өздерін әртістер сияқты жақсы көрсетті. Оларға түрлі кейіпкерлер бейнесіне айналуға тура келді: Ақшақар, тышқан - ана, Мысық, Аяз Ата мен Ақшақар. Қойылым басталғаннан бастап ертегі кейіпкерлері балаларды ертегілердің ғажайып әлеміне баулыды. Аяз Ата мен Ақшақар келген бойыда шыршаның жанында ән мен би, хороводтар айтылып нағыз мереке басталды. Қойылымнан кейін балалар Аяз Ата мен Ақшақарға өлеңдерін айтып, ертегі кейіпкерлермен суретке түсті, жаңа жылдық сыйлықтарын алды.
Қыс мезгілін көбі жақсы көреді, өйткені бұл мезгіл өте тамаза мезгіл, сондықтан да қыста осындай ғажайып мереке – Жаңа жыл мерекесі болады.