Текст
2020 жылдың 30 қаңтар күні «Родничок» балабақшасының мемлекеттік тілде оқитын «Күншуақ» ересектер тобында Көркем әдебиеттен «Қыс қызығы» тақырыбына қортынды ашық сабақ өткізілді.
Сабақтын мақсаты: Табиғат құбылыстарын сипаттау. Қыс мезгілі, қыс тіршілігі туралы түсініктерін байытуды, құбылыстарды ажырата білуді үйретуді жалғастыру.
Сабақ барысында балалар, қыс мезгілі туралы Триз технологиясы бойынша «Менің досым», «Жақсы – жаман» ойындарын ойнап, мнемокесте бойынша «Қыс мезгілі», «Қысқы киімдер» туралы тақпақтар айтты. Балалар тыныс алу жаттығуларын орындады. Сабақ соныңда балалар тапсырма бойынша аққаланың мүсінін жапсыру жұмысын орындады.