АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ «РОДНИЧОК» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ЯСЛИ–САД «РОДНИЧОК» ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ "Жануарлардың таңғажайып әлемі балалар көзімен"

10.02.2020

Біздің балабақшаның базасында"Балаларды ерте дамыту жүйесі арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту "тақырыбында аудандық семинар өтті.

Бейнелеу студия жетекшісі Л. К. Макажанова "Жануарлардың таңғажайып әлемі балалар көзімен" тақырыбына сурет салудан ашық сабақ көрсетті.

 Сабақ екі топтың балаларымен бірге өткізілді: мектепке дайындық және ересектер топтары.

 Сабақтың мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қол алақанмен   сурет салу негізін   дамыту.

 Бейнелеу өнері пәнінің жетекшісі балаларға " Білеміз, жасаймыз, үйренеміз» тақырыбындағы конференцияға қатысуға шақырды.

"Көңілді жануарлар" ойынының көмегімен педагог балаларды топтарға бөлді. Әр командада балалар көшбасшысын таңдады. Көшбасшы-бала өз командасында жұмыс істеді, балаларға шығармашылық тапсырмалар берді.

 Сабақта сараланған оқыту байқалды: ересек топтың балалары   қол жетімді техникада - поролонмен, мақта таяқшамен сурет салды.

Мектепке   даярлық тобының балалары алақан техникасымен сурет салды.

Сабақ соңында балаларға "Команданың үздік жұмысы" атты тапсырма берілді.

 Балалар шығармашылық суретті бағалау арқылы таңдады.

 Ең жақсы суреттің авторы өз жұмысын әңгіме түрінде таныстырды.

 "Ойлаудың алты қалпы" технологиясы арқылы балалар өз пікірлерін, өз ойларын айтты.  

 

Просмотров: 389


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст