Біздің балабақшамызда "Балаларды ерте дамыту жүйесі арқылы мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту "тақырыбында аудандық семинар өтті. Тәрбиеші Шаймерденова С. К. "Дарын" мектепалды даярлық тобында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру бойынша "Күлгін орманның есептері"тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: 7 санының құрамы туралы балалардың білімін бекіту.
Сабақ барысында балалар күлгін орманның әр түрлі кейіпкерлерінен тапсырмалар орындады. "Сенсорлық үстелде" жұмыс істеді, сонымен бірге тек логикалық тапсырмаларды ғана емес, сан құрамы бойынша міндеттерді де шешті, графикалық диктант жазып, кеңістіктік қарым-қатынасты бағдарлауға тапсырманы орындады (жоғарғы оң, төменгі сол бұрыш және т.б.). Соңғы тапсырмада балалар ағаштан жасалған геометриялық фигуралардан түрлі бейнелерді құрастырды,оларға қандай атаулар беретінін және олар күлгін орманда немен айналысатынын айтты. Сабақ соңында балалар келген қонақтарға көптеген жылы сөздер жақсы тілектер айтып, қонаққа шақырды.