Білім беру мазмұнын жаңарту міндеттерін жүзеге асыра отырып, №3 "Родничок" балабақшасының педагогтері "Балаларды ерте дамыту жүйесі арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту" тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты: балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету, оларды мектепке сәтті дайындау үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың түрлі бағдарламаларына ерте қол жеткізу.
Семинарға қатысушыларды барлық жасарлық топтағы балалар және балабақша тәрбиешілері қарсы алды. Қазақ тілі мұғалімі, әдіскер Даулбаева Баянкул Нагашибаевна және музыка жетекшісі Аникеева Ольга Леонидовна балабақша педагогтарымен бірлескен іс-әрекет барысында балаларды дайындады.
Семинар барысында "Балапан" орта тобының тәрбиешісі Мырзабаева Назира Омирбековна өзінің тәрбиеленушілерімен сенсорлық тәрбие бойынша кіріктірілген сабақ көрсетті. Балалар танымдық іс-әрекет барысында ілгек, құлып, түрлі ілгектер қадау мен жүгіртпелерді жауып, ашу қабілеттерін көрсетті, геометриялық пішіндерді ажыратуға, кеңістікке бағдарлауға жаттығулар жасады. Сабақтың әр кезеңінде балалар өз іс-әрекеттерін, жетістіктерін бағалау жүйесі арқылы бағалады. Сабақтың табысты және қызықты өтуі алдын - ала жасалған жұмыстар мен қызықты дидактикалық ойын материалдарын жасау арқасында өтті деуге болады. Дамытушы ойын жабдықтарын балабақша қызметкерлері Жақсыгелды Шаймратович Кусаинов, Раис Рафаилович Тимербаев, Әлия Койшибаевна Батышева, Әлия Гайдаровна Утеуова сияқты біріккен шығармашылық топ иелері жасады.
"Ертегі көңілді старты" атты спорттық мерекесін тәрбиеші Анастасия Сергеевна Половинко, педагогтар О. Л. Аникеева, Т. Н. Лосева, медбике И. А. Вороненко, тәрбиешінің көмекшісі Т. В. Щеглованың көмегімен өткізді. Балалар мен ата-аналар конкурстарға және жарыстарға үлкен қызығушылықпен қатысты. Ал хореограф Татьяна Николаевна Лосева дайындаған жаттығу және гимнастикалық аэробика мерекенің "ең маңызды бөлігі" болды. Ұйымшыл командалық жұмыс, педагогтің таңдаған бейресми және көңілді эстафеталары ұмытылмастай есте қалатын шара болды.
«Дарын» мектепке даярлық тобының тәрбиеленушілері және тәрбиеші Шаймерденова Самал Кайратовнамен бірге қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру бойынша іс-әрекет барысында білімдерін көрсетті. Бұл сабақтың ерекшелігі балалардың шағын топтарда, жұптарда жұмыс істеу, өз іс-әрекеттерін бір-бірімен келісу, сын тұрғысынан ойлау, өз іс-әрекеттерін бағалай білу және алынған нәтижені талдау болды.
Шығармашылық шеберхана Макажанова Любовь Константиновнаның жетекшілігімен ересектер және мектепке даярлық топтарының балаларын біріктірді. Балаларды шағын топтарға бейресми бөлу, көшбасшының басшылығымен топтасқан командалық жұмыс, шығармашылық өзіндік іс – әрекет, презентациялар үшін үздік жұмысты өзара бағалау және таңдау-осының барлығын балалар бейнелеу өнері бойынша сабақ барысында көрсетті. Әр жастағы топтарды біріктіру педагогке саралап оқыту міндеттерін табысты іске асыруға мүмкіндік берді.
Балабақшаның меңгерушісі Мырзабаева Жазира Омирбековна қаралған барлық қызмет түрлеріне аналитикалық шолу жасап, практикум түрінде өткізуді ұсынды, оның барысында семинардың әрбір қатысушысы өз пікірін айтуға және жаңартылған оқыту үдірісінің негізгі аспектілеріне назар аударуға мүмкіндік алды.
Осылайша, балабақшада өткізілген семинар мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұнының міндеттерін талқылау үшін жақсы диалог алаңына айналды. Практикалық жұмыс мектепке дейінгі педагогтерге оқыту белсенді болу керек және оқыту мен тәрбиелеу процесін саралау жүзеге асырылуы тиіс екеніне көз жеткізуге мүмкіндік берді, міндеттерді жүзеге асыру процесінде пәнаралық байланыстар және білім беру салаларын интеграциялау жүзеге асырылуы тиіс және ең бастысы: тәрбие – білім беру процесі тәрбиеленушілердің қажеттіліктеріне қарай құрылуы тиіс.