Қазіргі педагогиканың маңызды міндеттерінің бірі балаларды жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу болып табылады. Бұл міндетті "Родничок" балабалабақшасында "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру пәні бойынша жүзеге асырылып жатыр, оның авторы Қазақстан Республикасының Бірінші ханымы Сара Алпысқызы.
"Өзін – өзі тану – махаббат пен шығармашылық педагогикасы" Өзін-өзі тану онкүндігі аясында "Дарын" мектепке даярлық тобында "Мейман-біздің үйге қуаныш әкеледі"атты сабақ өтті. Мақсаты: балалардың қонақжайлылығы туралы түсініктерін қалыптастыру; балалардың қонақжайлылық дағдыларын дамыту; этикетті ұстануға тәрбиелеу.
Тәрбиеші алдын - ала қонақтарды қалай шақыру, қабылдау, шығарып салу керектігі туралы әңгіме өткізді. "Қонақтарды қабылдаймыз", "Қонаққа шақыру", "Қонақта" сюжеттік – рөлдік ойындар мен жаттығуларда балалар телефон арқылы шақыру, шақыруды ашық хаттары арқылы тапсыру, қонақтарды қабылдау және қонақтарға шай ұсыну. Бұл сабақтың нәтижесі балалардың этикет ережелерін, қонақта жүру ережелерін, қонақжайлылық ережелерін үйренгені болды.