Текст
2020 жылдың 20 ақпан күні «Родничок» балабақшасының мемлекеттік тілде оқитын «Күншуақ» ересектер тобында ата – аналардың қатысуымен «Дені сау ұрпақ – ел болашағы» атты мерекелік спорттық іс – шара өткізілді.
Іс – шара мақсаты: Денсаулық сақтауда спорттың маңыздылығын түсіндіре отырып, ата – аналар мен балалар арасында қарым - қатынасты нығайту.
Мереке барысында ата – аналар мен балалар «Тұлпар» және «Қыран» топтарына бөлініп, спорттық ойындардың түрлері арқылы сайысқа түсті. Сайыс барыс жүгіру, секіру, тунелден өту, бұғанаға дәл тигізу және де топтардың атына байланысты суретті салу. Іс шара әсем әуенге жарыса билеумен жалғасын тапты. Мереке қатысқан қонақтар мен балаларға ұнады.