Әр адамның ең басты құндылығы-денсаулық, сондықтан балабақшада дені сау баланы тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлінеді. Дені сау, мықты болып өсуіне спорттың көмегі зор.
Балалар мен олардың ата-аналарын дене шынықтыру сабақтарына тарту үшін біздің "Родничок" балабақшасындағы "Дарын" мектепалды даярлық тобында "Біз спортпен тығыз достығымыз" атты тамаша спорттық мереке өтті. Балалар мен олардың ата-аналары үшін қызықты ойын ретінде дене тәрбиесінің мәнін, кез келген аурулардан арылу және дене сұлулығына, күшке, ептілікке және шыдамдылыққа жетудің құралы ретінде насихаттау.
Мереке балаларға ептілік, күш, шыдамдылық, қиындықтарды жеңе білу сияқты қасиеттерді дамытуға көмектесті. Ал, ата-аналар бойында өз балаларына деген қызығушылықтары мен мақтаныш сезімдері арта түскендей көрінді.
Біз барлықтарыңызға мықты денсаулық тілейміз және салауатты өмір салтына шақырамыз!