8 наурыз-әйелдер күні. Өзінің сүйікті аналарын, әжелерін, апаларын құттықтауға арналған сүйікті мерекелердің бірі . Біздің сүйікті аналарымыз ерекше құттықтауларға сай тұлға, өйткені әр адам үшін ана – әлемдегі ең жақын және қымбат жан. 5 наурыз күні "Айгөлек" ересектер тобында 8 Наурыз мерекесіне орай "Аналарға арналған сиқырлы кәмпиттер"атты ертеңік өткізілді. Балалар 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні қарсаңында анасын қалай қуантып, таң қалдыруды шешеді. Ересектер тобының балалары тәрбиешімен бірге сүйікті аналарға арналған гүл шоқтарын және сиқырлы кәмпиттер дайындады. Балалар, аналар мен әжелерге ең шынайы тілектер тілеп, көңілді әндер орындап, "Кішкентай бөпе", "Аспаздар", "Кір жуу"билерін билеп, ойындар ойнады. Ересектер тобының ер балалары өздерінің қыздарын назардан тыс қалдырмай сыйлықтар сыйлады. Балалар өз аналары мен әжелерін мерекемен құттықтап, оларға да өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын сыйлады.