АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ «РОДНИЧОК» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ЯСЛИ–САД «РОДНИЧОК» ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біздің аналар ең бақытты!»

10.03.2020

Ару ана өмірдің асылдары,

Жайнаған көңілімнің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй

Сіздер үшін мереке шашулары

 

Халықаралық Әйелдер күні – 8 наурыз   ең сүйікті мерекелердің бірі.  Көктемнің алғашқы күндерінен бастап   әйелдер күнін қарсы алу дәстүрге айналған. Бұл күн күннің сәулелерімен, әйелдердің күлімсіреуімен, гүл шашумен әшекейленген.  

8 наурыз қарсаңында,  «Дарын» тобында   "Біздің аналар ең бақытты!" атты ертеңгілігі өтті. "Халықаралық әйелдер күніне арналған  мереке конкурстық – ойын-сауық бағдарламасы түрінде өтті.

Аналар қатысуымен өткен байқаулар есте қаларлықтай және әсерлі  болды. Аналар балалары салған суреттерінен өздерін үлкен қызығушылықпен танып, балаларына алғыстарын білдірді.    Аналармен өткізілген конкурстардың ішінде  "Аңдар тілінде" ән орындап,   флешмобпен аяқтады. Аналар өз таланттарын көрсетті!

Балалар өз аналары мен әжелерін үлкен ықыласпен құттықтап, қонақтарға түрлі музыкалық сыйлықтар: көңілді әндер, билер, өлеңдер сыйлады.

Мереке соңында балалар өздерінің сүйікті аналары мен әжелеріне өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын сыйлады.

Біздің, барлық қонақтарымыз қуаныш пен көптеген жағымды эмоциялар алды!!!

Мереке жылы, көңілді атмосферада өтті.

 

Просмотров: 296


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст