12.01.2024
Кез келген іс-әрекеттегі табыс көбінесе баланың физикалық жағдайымен анықталады. Дене дамуы балалардың жас ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ол ең алдымен денсаулықты нығайтуға, қозғалыс дағдыларын дамытуға, дене қасиеттерін дамытуға, мәдени-гигиеналық дағдылар мен ережелерді меңгеруге бағытталған. Мектепке дейінгі жастағы балалардың белсенділігі ең алдымен қимыл-қозғалыспен көрінеді.Қимыл-қозғалыс неғұрлым алуан-алуан болса, миға ақпарат неғұрлым көп түссе, интеллектуалдық дамуы соғұрлым қарқынды болады. Қимыл-қозғалыстардың дамуы психикалық дұрыс дамудың бір көрсеткіші болып табылады