АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ «РОДНИЧОК» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ЯСЛИ–САД «РОДНИЧОК» ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алғысымыз шексіз!

27.02.2024

Біздің "Родничок" балабақшасында ұжымның әр мүшесінің өзіндік кәсіби имиджі бар, сонымен бірге - басшылар да, педагогтері де, кіші қызметшілер де - барлығының имиджді бірдей: сыртқы келбеті, қарым-қатынас мәдениеті, интеллект, мейірімді күлімсіреу, мінез-құлықтың тартымдылығы, өз мекемесі мен тәрбиеленушілеріне деген мақтаныш.

Адам не істесе де, егер ол өз ісінің шебері болса, ол әрқашан адамдардың құрметіне ие болады. Бұл адамның қалай әдемі жұмыс істейтінін көру әрқашан жағымды болғандықтан ғана емес. Бұл тиімділік туралы емес, еңбек тиімділігі туралы.

Осыған байланысты, біз сіздерге – ұжымда мейірімділігімен, сыпайлығымен,   тәрбиелігімен ерекшеленіп, көзге түскен Жүсупова Алтыншаш Қайркенқызын таныстырамыз.  

          Алтыншаш Қайркенқызы-еңбегінің зейнетін көріп отырған зейнеткер әріптесіміз. Еңбек еткен жылдары барысында әріптесіміздің бойынан көрген мінезінің қасиеттері: адалдық, орындаушылық,   әдептілік қасиеттері арқылы өзін таптырмас қызметкер ретінде көрсетті. Ата-аналары мен әріптестері арасында ол лайықты құрметке ие. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, кішіге үлгі бола білді. Құрметті ана, ақ жаулықты әже.

Алтыншаш Қайркенқызы, бөбекжайдың барлық ұжымының атынан сізді адал еңбегіңіз үшін шын жүректен алғысымызды  білдіреміз! Біз  сізді жақсы көреміз және құрметтейміз. Сізге  денсаулық, ұзақ ғұмыр мен барлық жақсылықты тілейміз!

 

Просмотров: 373


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст