Текст
Ашық ауада спортпен шұғылдану балалардың белсенділігін арттырады, олардың көңіл-күйін жақсартады. Дене шынықтыруды таза ауада өткізу, үлкен кеңістікте еркін қозғалуға мүмкіндік береді, физикалық белсенділікті және спорттық ойындарға қатысуға деген қызығушылықтарын арттырады. Күн сәулесі мен таза ауа денені қатайтады, суыққа төзімділікті арттырады.Балабақша тәрбиеленушілері ашық ауада дене шынықтырумен айналысады. Өйткені, бұл көңілді ғана емес, сонымен қатар өте пайдалы!