ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, күз айларында ЖРВИ-дің таралатын уақыты. Сондықтан осындай мәселелерді саралай келе, шешім қабылдадық.
1 қыркүйектен бастап еліміздегі барлық оқушылар қашықтан оқыту форматында оқитын болады. Бұл өте күрделі шешім.
Ең басты мәселе – балалардың, ата-аналардың, педагогтердің денсаулығы.
Біріншіден, қашықтан оқытуды енгіземіз дегенмен де, еліміздегі шалғай жатқан ауылдарда шағын мектептер бар. Мұндай мектептерде 5, 10, 15 баладан оқиды және мектепке жаяу барып келеді.
Осындай шалғайдағы қауіп жоқ өңірерде орналасқан мектептерде штатты режимде оқыту жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік беріп отырмыз.
Екінші мәселе, бастауыш сыныптардың оқушыларына қатысты. Егер осы бастауыш сыныптарға қатысты ата-аналардың өтініші болса, біз уақытша сыныптарды ашып беруге дайынбыз. Оған әрине, тиісті жағдай жасалуы қажет.
Барлық санитарлық талаптарға сай жұмыс жүргізілетін болады. Оның ішінде бала таңертең сабаққа келгенде оның дене қызуын өлшеу, зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу, сыныптарды бірнеше ауысымға бөлу мәселесін қарастыратын боламыз, делінген хабарламада.
@edu_news_gs