Текст
Балапан» орта тобында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған ойын-сауық өтті! Мақсаты: БалалардыРеспубликамыздың туымен, елтаңбасымен, әнұранымен таныстыру. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана туралы білім беру. Ойын-сауық және Қазақстанның әнұранын тыңдаудан басталды. Балалар әнұранды салтанатты түрде орындады. Елорданың көрікті жерлерімен таныстық, Дымбілмес балаларға қонаққа келді. Балалар Дымбілмеспен бірге «Туды, елтаңбаны жина» дидактикалық ойынын ойнап, тудың суретін салдық.