АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ «РОДНИЧОК» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ЯСЛИ–САД «РОДНИЧОК» ГОРОДА АТБАСАР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біздің Тәуелсіз Қазақстан»

15.12.2020

Қазақстанның Тәуелсіздік күні-Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 29 жылдығын атап өтуде. Тәуелсіздік күніне орай мектепалды даярлық тобында "біздің Тәуелсіз Қазақстан" атты ертеңгілік өтті.

Ертеңгілік салтанатты және ізгі ниет атмосферасында өтті. Ертеңгіліктің мақсаты: балалардың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, достық пен бірлікке деген ұмтылысты ояту.

Мерекеге қазақ ертегілерінің кейіпкері қазақтың Көңілді Алдар Көсе мен орыс ертегілерінің кейіпкері Емеля келді. Мерекеде балалар би билеп, ән айтып, «Көңілді бәйге» және "Киіз үй"ойындарын ойнап,  өлеңдерді мәнерлеп оқу қабілеттерін көрсетті.

Мереке балалар мен қонақтар үшін ұмытылмас әсер қалдырды. Отанына деген сүйіспеншілік, оның жетістіктері үшін мақтаныш, жарқын болашаққа деген сенім көрініс тапты.

Тәуелсіздік елімізге орнады,

Егемендік қуанышы тойланды.

Асқақтай бер, тұғырлы менің мекенім,

Осы менің жалын атқан тілегім.

 

Просмотров: 292


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст